Әрбір адамның өмірге келгендігі мақсаты, миссиясы болады. Бүгін сол миссияны анықтау жайлы айтатын боламыз.
Миссияны анықтау не үшін маңызды?
Миссияңды анықтау арқылы сен мақсаттарыңды айқындап, жетістікке жетуге бір қадам жасайсың. Осы үшін де миссияны анықтау маңызды.
Ендеше миссияны қалай анықтаймыз?
- Алдымен өзіңнің мықты жақтарыңды анықтап ал. Бәлкім сенің қандай да бір қабілеттерің немесе дарынды жақтарың бар шығар, соларға көп көңіл бөлуге тырыс.
- Өз-өзіңе мына сұрақтарды қой: Жетістік дегенде ойыңа не келеді? Осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге жеттің? Жетістікке жету үшін не істеу керек?
- Миссияңды анықтап алған соң саған алдыңа мақсат құру қажет болады. Мақсатыңды мықты жақтарыңды ескере отырып, сені жетістікке апаратындай етіп, құруға ұмтыл.
- Ал енді миссияң мен мақсатыңды сипаттап, саған мотивация мен шабыт бере алатын бір сөйлем құрап жаз. Сосын оны күн сайын қайталап оқып, жетістікке жетуге деген құлшынысыңды оят.