Қазақша посттар
Мотивация

Жұлдыздай жанып, жарқыра! 🧡

Жалқау болу ешкімге де жараспайды. Уақытыңды қажетсіз нәрселерге жұмсау сені ешқандай қызығушылығы жоқ адамға айналдырады. Жалқау адамның әр күні бір-біріне ұқсас, іш пыстырарлық және мәнсіз болғандықтан, оның достары да аз болады.

Ал белсенді, табанды адам - әрдайым өз-өзін дамытуға ұмтылады. Ол спортпен айналысып, көрмелерге барып немесе өзі жақсы көретін іспен айналысады. Ең бастысы, ол бір орында тоқтап қалмайды. Керісінше, алдына үлкен мақсаттар қойып, жетістіктерге жетуге тырысады. Ондай адам нағыз жұлдыздай жанып, күндей жарқырап тұрады!


Құрметті түлектер, ақылды жастар, сендер - Қазақстанның болашағысыңдар! Еліміздің дамып, көркеюі - сендердің қолдарыңда! Сондықтан сендер жұлдыздай жарқырап, күн сәулесіндей жанып тұруларың керек! 21 ғасырдың жастары ретінде оқу-білімге қызығып, тұлға ретінде дамып, Қазақстан азаматы деген атқа лайық болуларыңа тілектеспіз!

Біз сендерге сенеміз!🧡