1. "Большое волшебство" - Элизабет Гилберт
Ғажайыпқа толы бұл кітап шығармашылықты жақсы көретін адамдарға арналады. Сондай-ақ бұл шығарма алдыға қадам жасап, өзін-өзі дамытудан жалықпайтын адамдарға да ұнайтынына сенімдіміз. Құлшыныс пен мотивацияға толы бұл кітапты саған міндетті түрде оқып көруге кеңес береміз.
2. "Лед и пламя" - Рэй Брэдбери
Егер адамның өмірі бар болғаны 8 күн болса не болар еді? Рэйдің шығармасындағы кейіпкерлердің өмір ұзақтығы осынша уақыт болса да, олар әрбір күннің қадірін түсініп, азғантай ғана уақытты күліп-ойнаумен, қуанышпен және өмірге деген сүйіспеншілікпен өткізуге тырысады. Мүмкін, шыныменде, өмірдің мәні апталар мен айларда емес, бір күн болса да, сапалы өмір сүруде жатқан болар?
3. "Куриный бульон для души", Джек Кэнфилд, Марк Виктор Хансен
Аталмыш кітап авторлардың ғана емес, көптеген оқырмандардың да көңілінен шығып, олардың жүрегінде өз ізін қалдырған керемет кітап ретінде саналады. Қысқа бірақ терең мағыналы әңгімелерден құралған бұл кітап болашаққа деген жарқын сенімді оятып, өмірдің мәні жайлы ой қозғап, оқырмандарды толғандырады.
4. "Стоя под радугой" - Фэнни Флэг
Фэннидің шығармалары оқырманды кітаптың ішіндегі жағдайларға еніп, шынайы сезіне отырып оқуға мүмкіндік береді. Бұл роман бір жағынан көңіл-күйді көтеретіндей қызықты болса, екінші жағынан мұңды қалыпқа ие.