Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Жазда ҰБТ-ға қалай дайындаламыз? 🧐

«Жаз тек демалуға арналған» деп өзіңді алдаусыратпа. Жазда уақыт өте көп. Күн ұзақ. Демалуға да, оқуға да, дамуға да уақыт артығымен жетеді. Күніне тым болмаса 2-3 сағатты ҰБТ-ға дайындалуға арна. Таңдау пәніңді шешіп қойсаң, онда сен үшін ең қиын пәндерден баста. Оқу басталғанда қиын пәндерді үйренуге онсыз да уақыт таппай кетесің. Сондықтан қазірден оны оңайлатудың шаруасына кіріс.

Мысалы, математикадан күн сайын бір тақырыптан оқып үйрен. Соған байланысты есептер шығар. Мұғалім жоқ деген сылтау емес шығар. Интернетте кез келген есепке қатысты әртүрлі тілде ақпарат, видео қарай аласың.

Тек математика емес, оңай пәнді қатар алып отыр. Сонда екеуін алмакезек оқысаң, ішің пыспайды.

Қай пәнді қызық етіп оқу өз қолыңда. Қолдан келген барлық креативті әдістерді қолдан. Жаттаудың түрлі әдістерін қарап көр.

Қазірден бастап ҰБТ-ға дайындалсаң, қыркүйекте ары қарай іліп алып кетесің. Ал қазір дым дайындалмасаң, онда қыркүйекте көктен салбырап түскендей, беймаза күй кешесің. Қай пәннен дайындықты бастауды біле алмай, дағдарып тұрасың.

Уақыт бәрібір өтеді. Оны пайдалы өткіз. ҰБТ-ға дайындықты баста.