Қазақша посттар
ҰБТ, мектептегі емтихан
Пайдалы кеңестер

ҰБТ, мектептегі емтихан

Көзді ашып-жұмғанша, әне-міне деп ҰБТ, мектептегі емтихан, одан қалса бітіруші сыныптың шаруалары шаш етектен болып, жүйкең әбден жұқарып, шаршап жүргеніңді түсінемін.

Алайда ойлап қарашы, осындай қарбалас, қапылған кездеріңнің өзі естелік емес пе? Бес, он жыл өткеннен кейін жан-жақта тарыдай шашылып жүрген сыныптастарыңды сағынып, іздей бастайсың. Тіпті, апайлардың айқайына дейін бір естуге құмартып, сағынып жүресің.


"Шіркін еш алаңсыз, сыныптастарыммен ойнап-күліп жүретін мектебім жақсы екен ғой!"- деп айтып отыратын кезге де жетерсің. Сол үшін мектепте өткізіп жүрген аз ғана уақытыңды қадірлей біл. Сыныптастарыңмен босқа ұрсысып-керіспей, тату болып, бірге тестке дайындал. Сен де оқу жолын қуып, үлкен өмірге аяқ басарсың. Сондықтан уақытша қиындықтарға бола ұнжырғаңды түсірмей, қайта қуан! Және ең бастысы, шыдамды бол!