Медициналық және педагогикалық мамандықты таңдаған талапкерлер университетке түсер алдында міндетті түрде психометриялық тест тапсырады. Бұл ереже ақылы бөлімге де, грантқа да қатысты.
Психометриялық тестті тапсырмаған талапкер медициналық немесе педагогикалық мамандыққа тіпті ақылы бөлімге де түсе алмайды.
Тест талапкердің таңдаған саласында жұмыс жасауға моральдық дайындығын тексереді. Грантқа тапсыратын талапкерлерге психометриялық тестті грант конкурсы басталғанша тапсыру керек.
Психометриялық тестке өтінім қабылдау уақыты: 20 маусымнан 7 шілдеге дейін.
Тестілеудің өтетін уақыты: 8 шілдеден тамыздың соңына дейін (бұл өткен жылдың даталары).
Тестілеу онлайн форматта өтеді. Психометриялық тестті медициналық немесе педагогикалық мамандыққа оқытатын кез келген университетте тапсыруға болады және сол университетке оқуға түсу міндеттелмейді. Мысалы, тестті ҚазҰУ-да тапсырсаң да, басқа университетке оқуға түсе аласың.
Алдағы уақытта психометриялық тестке өтінім жіберу туралы толығырақ айтып өтетін боламыз. 🙌🏻
Ал қазір, ҰБТ-дан жинаған баллмен қандай мамандыққа түсуге болатынын біл. Ол үшін МЫНА сілтемені бас.