Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Билл Ньюмен: жетістікке жетудің 4 жолы

Билл – оратор, ғылым докторы. Оның лекциясына қатысқан адамдар әрдайым шабыттанып, өмірін өзгертеді. Өз ойларыңның қожасы болғың келсе; «менің қолымнан келеді» деп сенімді айтқың келсе; ойыңды уайымнан, қорқыныштан тазартқың келсе, Биллдің мына әдісін қолданып көр.


1) Реніштің себебін анықтап, салдары қандай болатынын ойланып көр. Маңызды нәрсе ме ол?


2) Мына қасиеттерді өз-өзіңде дамыт: 

a) Сыпайылық 

b) Комплимент айта білу 

c) Ынталы болу 

d) Рационалды ойлай білу 

e) Қарапайымдылық 

f) Әрдайым күлімдеу 

g) Кез келген жағдайда бірінші әрекет етуге дайын болу 

h) Өзгелерге қол ұшын соза білу


3) Жетістікке жету үшін сен мінсіздікке жетпесең де, сәл де болса оған жақындауға тырысуың қажет. Ал мінсіздікке жақындау үшін саған: 

a) Тәуекелге бару керек 

b) Сынға төтеп бере алу керек 

c) Жауапкершілік ала білу керек 

d) Шыдамды болып, көп еңбектену керек. 


4) Қолға алған ісіңді жақсы көріп, соған толықтай берілуге тырыс. Құлшынысты жоғалтпай, өз ісіңді жақсы көріп, тек алға ұмтыл!