Қазіргі кезде бәрі ақылы. Білім алу үшін де біраз ақша құртасың. Бірақ оның басқа да тиімді жолдары бар. Оны сен, мүмкін, байқамай да жүрген боларсың.
1. Смартфонды бабымен қолдан. Сенің қолыңдағы смартфон – ішінде сан жетпес мәліметі бар күшті құрал. Оны қолдана біл. Ғаламтордан пайдалы контент іздестір, логикалық ойындар жүкте. Солай уақытыңды пайдалы іске жұмсайсың.
2. Тіл үйренуден жолдары көп, ал сен өз бетіңше үйреніп көр. Ол үшін ғаламторға жүктелген сабақ форматындағы видеожазбалар көр. Таңдаған тіліңде мақалалар оқып, фильм көр. Жалпы, әдетте істеп жүрген затыңды басқа тілде жасап көр.
3. Үйіңе жақын маңдағы кітапханаға жазылып қой. Ол жақтан көптеген қызықты әрі пайдалы кітаптар табуға болады, соларға уақытыңды бөл. Оның үстіне, тыныштықта отырып кітап оқыған өзіңе де ұнап қалар.
4. Документалды фильмдерді қоғам дұрыс бағаламайды, дегенмен, ол жақтан көптеген қызық мәліметтерді миыңа сіңіресің. Аталған жанрда түрлі тақырыптар қозғалып, түрлі оқиғалар зерттеледі.