Ислам дінін ұстанатын жандар үшін 2 сәуір күні қасиетті Рамазан айы басталды. Рамазан айында мұсылмандар бір ай бойы таң атқаннан күн батқанға дейін Ораза тұтады.
Оқушыларға таңертең ерте оянып, ауыз бекітіп, артынша мектепке бару қиын болып жатады. 1-2 аптаның ішінде адамның организмі шаршап қалуы мүмкін.
Осының алдын алу үшін күніңді жоспарлау керек. Мысалы, таңға дейін ұйықтамай сәресін күткенше, ертерек ұйықтап, тынығып алған дұрыс.
Ауыз бекіту уақыты Қазақстанда шамамен 4-5-тер шамасында. Егер кешке ертерек ұйықтасаң, таңертең сергек болып тұрасың.
Ал бір күндік норманы, яғни 8 сағатты толтыру үшін түстен кейін 1-2 сағат мызғып алсаң болады.
Ораза қабыл болсын! 🧡