Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Мектеп бітірмес бұрын жасап үлгеру керек заттар

11 (12) сынып, білесіңдер, мектептің соңғы жылы. Өміріңнің жартысынан көбін бірге өткізген сыныптастарыңмен және ұстаздарыңмен қоштасасың. Мектепті бітірген соң өкінбеу үшін сендерге бірінеше тапсырма дайындап қойдық!


1. Сен үшін ең қиын пәнді жақсылап түсініп алуға тырыс. Мектепті бітірген соң ешкім бұлай сабақты миыңа құйып бермейді, уақыт пен мүмкіндік барда, түсініп көр. Кім біледі, мүмкін болашақ мамандығыңды да осы пәнмен байланыстырасың.


2. Бір-біріңді күнде көрген соң жалығу деген болады. Осы уақытта ұрысып қалып, қарым-қатынастарың бұзылып кеткен сыныптастарың немесе ұстаздарың болса, олармен тіл табысып, татулас. Жыл соңында жылы шыраймен қоштас.


3. Мамандық таңда. Оңай шаруа емес, бірақ әрбір оқушы 11 сыныпта мамандық таңдап, өз жолын табуы керек. Әрине, қателессең де қорқынышты емес, бірақ бірден дұрысын таңдасаң, уақыт пен күшіңді үндемейсің.


4. Сыныптастарыңмен жиі қыдыруға тырысыңдар. Мектепті бітірген соң бәрінің басын қосып, бір күнде жиналу қиындайды. Кейбіреуі басқа қалаға кетеді, ал кейбіреуі шетелдге кетеді. Бәрің бірге ойнап-күліп жүретін уақыт күн санап азайып жатыр.


5. Естеліктер жина. Мүмкіндік бар болса, көп фотосурет және видеожазба жасауға тырыс. Мектепті бітірген соң бір-біріңді сағынасыңдар, сол кезде еске алып, қарап жүретін естеліктерің көп болсын.


6. Әр сыныптың өзінің сүйікті оқытушысы болады. Сыныптағының бәрі соның пәніне асыға кіретін, ал сабақ барысы қызық болғандықтан тез өтіп кететін, ғажап ұстаз. Сол оқытушыға бәрің жиналып тосын сый әзірлеңдер.


7. Соңғы жылды қызықты өткізем деп ҰБТ туралы ұмытып қалма. ҰБТ-ға жеңіл дайындалу үшін біздің курс саған көмекші.

Қазір 12 айға бөліп төлеу жүріп жатыр. 5 пәнге айына небәрі 8.300 теңге.

МЫНА сілтеме арқылы өтіп өтініш қалдыр.