World Bank бюросы адам өмірін қайда жұмсайтынын есептеп шығыпты. Мысалы, Қазақстанда 78 жыл өмір сүрсең, соның 28 жылы ұйқыға, 10 жылы жұмысқа, 4 жылы тамақ ішуге, 9 жылы интернетте отыруға, теледидар тамашалауға, ойын ойнауға кетеді. Кептеліс, туалет, кезек, күн сайын «бүгін не кием?» деп ойланып тұру – бәрін алып тастағанда бар-жоғы 9 жыл қалады.
Өзіңді қалыптастыруға небары тоғыз жылың бар. Ал 78 жылдан аз өмір сүрсең ше? Бұл сан тіптен азаймай ма?
Ендеше, өмірімізге назар салайық. Босқа кетіп жатқан жоқ па? Мәнсіз, мағынасыз өтіп кеткен өмірден не қайыр? Бір адамға болсын пайдаң тимесе, қоғамға септігің тимесе, бір жанға қуаныш сыйлай алмасаң, ата-анаңды сыйлай алмасаң, онда адам атына лайықсың ба? Дәл қазір тоқтап ойлан.