Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

21 ғасыр адамына ауадай қажет 3 қабілет 🤯

«21 ғасырда сауатсыздық деп - оқып, жаза алмауды емес, білімін жетілдіріп, дамуға ұмтылмауды айтамыз» - Элвин Тоффлер


Біз күн сайын өзгерістерге ұшырап жатқан, жаһандану заманында өмір сүріп жатырмыз. Заманына қарай адамы дегендей, бүгін көз ілеспес қарқынды жылдамдықпен дамып келе жатқан 21 ғасырда адамзат қандай болуы керек деген сұраққа тоқталуды жөн санадық.


Өз-өзіңді тану

Өзіңнің қандай іске икемді екеніңді біліп, мықты және әлсіз жақтарыңды ажырата алу - сенің өзіңе деген сенімділігіңді арттырып, болашаққа нақты жоспарлар құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өзіңді жақсырақ тану - қоғамға қандай пайда әкеле алатыныңды да анықтауға көмектеседі.


Креативтілік

Креативті болу дегеніміз - мәселелердің жаңа шешімдерін ойлап тауып, фантазияны дамытуды білдіреді. Қазіргі кезде көптеген жұмыс орындары креативті ойлай білетін, жаңашыл мамандарды іздейтінін байқауға болады. Содан-ақ креативтіліктің 21 ғасырдағы ең сұранысқа ие қабілет екендігін аңғара аламыз.


Төзімділік

Сәтсіздіктерге мойымай, алға қарай ұмтылу үшін төзімді бола білу керек. Қиындықтарға сынбай, керісінше, қарсы тұрып, төзу арқылы ғана жетістікке жетіп, биіктерді бағындыруға болады. Бұл ғасырлар бойы дәлелденіп келе жатқан, өзгермейтін ақиқат.