Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Далай Ламадан өмірлік кеңестер

Далай Ламадан өмірлік кеңестер

1. Біреуді сынап, мін тақпас бұрын, оның аяқ-киімін ал да, ол өткен жолды өтіп шық. Барлық қиындықтарын көріп, сезін. Содан кейін ғана оған қалай өмір сүру керектігі туралы кеңес берсең болады.


2. Әрбір шешім қабылдаған сайын өзіңнен: "Бұл шешім мені бақытты ете ме?" - деп сұрауға тырыс. Сол арқылы өзіңнің мақсаттарыңды есіңе түсіріп, өз қалауларыңды бірінші орынға қойып үйренесің.


3. Күн сайын таңертең ұйқыңнан оянғаннан кейін өз-өзіңе мынадай позитивті мотивация беруге ұмтыл: "Мен бүгінгі күнімді тек жақсы істерге жұмсайтын боламын. Сондай-ақ мен әр күнімді босқа өткізбей, барынша пайдалы әрі өнімді өткіземін.”


4. Ережелерді дұрыс бұзу үшін оларды жақсылап зерттеп, біліп алғаның жөн.


5. Кейде қалағаныңа қол жеткізе алмау да сәттілік болуы мүмкін екенін есіңнен шығарма.


6. Егер бақытқа ұмтылсаң, оның пайда болу себептерін анықтауға тырыс. Ал өкініштің алдын алғың келсе, онда оның да пайда болу себептерін анықтап, өміріңнен алшақтатуға тырыс.


7. Кешіру - өзгелердің қателігін ұмытуды емес, керісінше, ішіңде оларға деген теріс сезімді сақтамауды білдіреді.