Өзіңмен өзің болу, ешкімге ұқсамауға тырысу және уақытың мен энергияңды өзгелердің өмірін талқылауға емес, өзіңді дамытуға жұмсау - тұлға ретінде қалыптасып жатқаныңның алғашқы белгісі.
Өзіңді түсінуге, ішкі таланттарың мен қабілеттеріңді анықтауға бар күшіңді сал. Себебі көп адамдар өздерінің қандай іске икемі бар екендіктерінен хабарсыз болғандықтан, өзге адамдардың таңдап берген жолымен өмір сүруге мәжбүр. Сондықтан өзіңді тереңірек танып, алдыңнан жаңа мүмкіндіктер мен жолдардың пайда болуына ықпал ет! Бұл - тұлға ретінде қалыптасудың екінші белгісі.
Қандай да бір мәселе туындағанда, бірден уайымға берілмей, ақылмен әрекет ете білу - сенің ересек тұлға ретінде қалыптасып жатқаныңның үшінші белгісі. Өмірде әртүрлі жағдайлар болып жатады, сол үшін де, ең алдымен өз интуицияңа, ішкі сезімдеріңе сүйене отырып, қандай қиындық болса да қорықпай қарсы тұрып, сенімді әрекет етуге ұмтыл.