Қазақша посттар
Мотивация

ҰБТ-дан құлаған талапкердің оқиғасы

Мағжан ҰБТ-ға биология мен химия пәнінен дайындалып жүрген. Біреуден жақсы, біреуден аз дайындалды. Біреуден жоғары, біреуден төмен балл жинап жүрді. Оңай пәндер емес. Бұрын бір ғана пән таңдайтындар бұларға қарағанда бақытты екен. «Биология апай жақсы үйретеді, химия пәнінің мұғалімі дым үйрете алмайды, соған қарағанда өзі де жақсы білмейді-ау» деп те айтып жүрді. Туған күнінде жақсы тілектер айтылды: «ҰБТ-дан 140 балл жинап, ата-анаңның үмітін ақтай бер!», «Қалаған мамандығыңа грантқа түсіп кет», т.б. Мағжан таңдаған мамандыққа грантқа түсу үшін 102 баллдан сәл асырса жеткілікті екенін сыныптастары білмеді ме, әлде JOO.kz бағдарламасына кірмеді ме, әйтеуір тілектің бәрі 140 баллдан басталды.


Көптен күткен ҰБТ да келіп жетті. Кірді де есептерді шетінен қырды. Мұның да маңдайынан суық тер бұрқ ете қалды. Төбеңнен төніп тұрған камера жүйкеңе тиеді екен. Сонымен не керек, 89 балл жинады. Ата-анасына «мен дайындалған бірде-бір сұрақ келмеді» деді. Дайындығым нашар болды деп мойындаған жоқ. Мамандықты таңдап берген ата-анасына ерегісіп айтты ма, оны өзінің іші біледі. Сол жылы грантқа түсе алмады. Сосын не болды, білесіңдер ме?


Сосын ештеңе болған жоқ. Аспан жарылған жоқ, күн жерге түскен жоқ, жұлдыз аққан жоқ. Шегіртке шырылдауын, өзен ағуын, сәбилер жымиюын жалғастырды. Мағжан ата-анасымен күндегі шайын ішіп, тірлігін жалғастырды. Отбасылық кеңес кезінде ол физика-математиканы таңдап, өзіне ұнаған басқа мамандыққа түсуге дайындалатынын айтты. Бір жыл көзді ашып жұмғанша өте шықты. Іші пысқан жоқ, көңілі құлазыған жоқ. «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығына грантқа түсті.


Өмір деген құлаған сайын орныңнан қайта тұрып, соңына дейін берілмей жететін оқиғалармен қызықты екен ғой.

Ақылды адамдар өз қателігінен, ал данышпан біреудің қатесінен сабақ алады. Сен Мағжанның оқиғасын қайталамау үшін грант ұтуға кепілдік беретін JOO.kz курсына қатыс. Бұл таңдауға өкінбейтін боласың. Толық ақпарат МЫНА сілтемеде.