Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Неліктен құжаттарды онлайн тапсыру дұрысырақ?

Егер сен әлі де онлайн режимінде құжаттарды тапсыру әдісін мойындамасаң, біз сенің ойыңды өзгертеміз.


1. Көптеген адамдар құжаттарды офлайн режимде тапсыру әлдеқайда оңай деп санайды, өйткені сен университетке барып, құжаттарды тапсырасың да, университеттегі қызметкерлер саған бәрін көрсетіп, сен үшін бәрін жасап қояды. Бірақ бұл адамның тәуелсіздігін көрсетеді. Сондай-ақ, дамуға деген құлшыныстың болмауының көрсеткіші, қазір цифрландыру уақыты, онлайн жұмыс істей білу керек.


2. Әлі де офлайн тапсыру дұрысырақ деп санайсың ба? Окей. Бірақ мынаны біл: офлайн тапсырғанда, сен университет қызметкерлерінің манипуляциясына түсіп қалуың мүмкін. Мысалы, олар сені өздеріне пайдалы мамандықтарды таңдауға немесе олардың университетін бірінші орынға қоюға көндіруі мүмкін, оны сен қаламауың мүмкін. Ал онлайн тапсырған кезде саған ешкім қысым жасамайды, және сен ешкімді күтуге мәжбүрлемейсің.


3. Үйден шығудың қажеті жоқ. Онлайн тапсыру сені артық сапарлардан қорғайды. Үйде немесе жақсы интернет бар жерде құжаттарды тез тапсыру мүмкіндігі болған кезде, неге бұл мүмкіндікті пайдаланбасқа?


4. Онлайн құжаттарды тапсыру офлайн құжаттарға қарағанда әлдеқайда жылдам. Офлайн режимде кезек болады, және даладағы ыстықтың кесірінен далада күту қиын болады. Ал онлайн өтінім берген кезде ешкімді күтудің қажеті жоқ. Ең бастысы - қалай тапсыру екендігін түсініп алу, бұның еш күрделілігі жоқ.

Біз арнайы бейне нұсқаманы шығарған кезде egov арқылы құжаттарды тапсыру одан да оңай болады. Ал әзірше, өз құжаттарыңды дайында.

Құжаттарды электронды түрге қалай ауыстыру керегін білмесең, МЫНА видеоны қара.