Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Құқық мамандығы жайлы ⚖️

Құқық сөзін естісек, есімізге бірден сот орындаушысы, заңгер немесе тағы да басқа дәл салалар төңірегіндегі мамандықтар еске түседі.


Құқық мамандығына оқуға түсу үшін "Құқық негіздері - Дүниежүзі тарихы" комбинациясын таңдау керек. Тағы да айта кетерлік қызық факт: дәл осы бейіндік пәндер бойынша, құқық мамандығына ғана грантқа мүмкіндік бар. Демек, басқа бейіндік пән таңдаған оқушылар грант конкурсында 4 таңдау жазса, дәл осы комбинацияны таңдаған талапкерлерде бір ғана мүмкіндік бар.


Биыл бұл мамандық бойынша бас-аяғы 100 грант бөлінген.

Кім болып жұмыс істей алады?

- нотариус

- адвокат

- заңгер

- кеден ісі

- құқықтанушы

Қандай университеттер білім беретін білу үшін МЫНА сілтемеге өт.