Қазақша посттар

Сұрақтарыңа жауап жаздық!

Тұрақты Сұрақ-Жауап айдары


1-сұрақ: Грантқа түсү үшін нақты қандай документтер керек?



Жауап: Ресми ақпарат шыққан кезде міндетті түрде жариялаймыз.





2-сұрақ: Гранттын баллдары қашан шығады?



Жауап: Тамыз айында осы жылғы түлектер грантқа оқуға түскеннен кейін грантқа шектік баллдар шығады. Қазір қосымшамызда тұрған 2020 жылдың грантқа шектік баллдары.





3-сұрақ: Грант конкурсына онлайн өтінім берген тиімдірек пе? Әлде университетке барып берген дұрыс па? Және де таңдауды кез келген университетте жасай береміз бе, әлде міндетті түрде түскім келетін университетке бару керек пе?



Жауап: Ресми ақпарат шыққан кезде міндетті түрде хабарлаймыз.





4-сұрақ: Педагогика және медицина мамндығына арналған психологиялық тестті қайдан тапсырамыз?



Жауап: Әлі басталмады. Ресми ақпаратты біз де күтіп жүрміз.





5-сұрақ: Бөлінген гранттар саны қашан шығады?



Жауап: Ресми ақпаратты күтудеміз.





6-сұрақ: Педагокикалық психологиялық тестті онлайн үйде отырып тапсыра ма, әлде университетке барып па?



Жауап: Онлайн.



7-сұрақ: Психологиялық тестті қашанға дейін тапсырып болуымыз керек және ҰБТ нәтижесі шыққаннан соң ғана психологиялық тестті тапсыра аламыз ба?



Жауап: Грант конкурсы басталғанша тапсырып үлгересіз, уайымдамаңыз.



8-сұрақ: Грантқа түсу мүмкіндігін көрсететін алгоритм қаншалықты сенімді?



Жауап: Ол алгоритм 2020 жылғы түлектердің грантқа түскен баллдарына қарап жасалған.



9-сұрақ: Физматтан 58 балл жинап қалдым, грантқа түсе аламын ба?



Жауап: Грантқа түсіп-түспеу ықтималдығыңызды есептеу үшін МАМАМНДЫҚТАР бөліміндегі Мүмкіндікті көру батырмасын қолдансаңыз болады. Алгоритм 2020 жылғы нәтижеге сүйене отырып жасалған. Осы жылғы нәтижеге сүйене отырып жасалған алгоритм іздесеңіз, консультация сатып алыңыз.



10-сұрақ: Шығармашылық ҰБТ туралы айтып жібересіз бе?



Жауап: Шығармашылық ҰБТ-ны 2 пәннен тапсырады: оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы. Бұл ҰБТ-да әр пәннен 5 баллдан асырып жинасаңыз, ары қарай өзіңіз таңдаған ЖОО-ға барып 2 Шығармашылық емтихан тапсырасыз. Шығармашылық емтиханның әрқайсысы 45 баллдан есептеледі. ҰБТ-дан жинаған баллыңыз бен Шығармашылық емтиханнан жинаған баллыңызды қосып, грант конкурсына қатысасыз.