Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Әр күніңді қалай бастаған дұрыс?

1. Ұйқыдан тұрғаннан кейінгі алғашқы бір сағатыңды қалай өткізсең, қалған күніңді де дәл солай өткізесің. Ендеше оны теледидар мен телефон қарап өткізбей, кітап оқып, медитация жасау секілді пайдалы істермен айналысып, өткізуге тырыс. 🧘🏻‍♀️


2. Таңғы уақыт - жеке күнделік жазып, миыңды керексіз ойлардан тазартуға ең қолайлы уақыт. Таңертеңгі сағаттарға неғұрлым көбірек көңіл бөлгенің жөн.


3. Таңғы уақытты өз-өзіңе позитивті ұстанымдар айтып, мотивация беруден де бастауыңа болады. Ол үшін әр күніңді өзіңе «бүгінгі күн мен үшін сәтті күн болады» немесе «мен әр күніме ризамын», «менің қолымнан барлығы келеді» деген сияқты аффирмацияларды айтудан баста. ✊🏻


4. Таңды спортпен баста. Иә, таңертең спортпен айналысу үшін ертерек тұру қажет, бірақ егер үйреніп кетсең, уақыт өте келе бұл сенің бойыңдағы ең жақсы әдеттердің біріне айналады.


5. Таңертеңгі сағаттарды тиімді өткізуге кедергі келтіретін бір нәрсе – ұйқыдан тым кеш тұру. Ерте жатып, ұйқыңды қандырып, ерте тұрып үйрену қажет.