📌Бірінші әдіс: Өз-өзіңе күмәнданып, бойыңды қорқыныш билей бастаса, өткеніңді еске түсіріп, жеңіске жеткен кездерің туралы ойлан. Өзіңді Бұл іс бұрын менің қолымнан келді ғой, демек, қазір де келеді. деп сендір. Бұл әдісті гольф ойынының аңызына айналған жұлдыз Тайгер Вудс те қолданатын көрінеді. Ол әрдайым соңғы және маңызды соққы берерде, өз-өзіне сен бұны 1000 рет жасадың ғой, қазір де солай, қорықпай бар да, допты теуіп жібер деп айтады екен.
📌Екінші әдісіміз Өз күмәндарыңнан озу деп аталады. Бұл әдіс жайлы әйгілі Стивен Кинг: Өзіңнен күмән іздеуге әрдайым миллион себеп дайын тұрады. Сондықтан мен ойыма келген сюжетті тез-тез қағаз бетіне түсіруге асығамын. Осылай істеу арқылы мен өз шабытымды сақтаймын әрі менің тоқтағанымды күтіп жатқан күмәндарымнан қашуға тырысамын деп айтқан екен.
📌Үшінші әдіс сенімділік пен күмән келтіру арасындағы балансты сақтауға негізделген. Атақты американдық жазушы Сет Годин: Мен әрқашан екі ойдың арасында жүремін. Бірі жазып жатқан кітабымды шедевр санап, өзімді сенімді сезінсем, бірі жазған әр бетім менің қаншалықты ақымақ екенімді көрсететінін ойлап, өзіме күмәнданып, сенімсіздік білдіремін деген екен. Яғни бұл қолға алған ісіңе қатты сенімді болып, немқұрайлық танытудың немесе орынсыз өз-өзіңе күмәнданып, әлсіздік көрсетудің қажеті жоқ екенін білдіреді. Бастысы - сенімділік пен күдіктенудің арасындағы баланс сақталса болғаны.
📌Және ең соңғы әдіс Күмәніңді бас деген атқа ие. Бұл әдістің жарқын мысалы ретінде Amberwood Productions атты анимациондық фильмдер шығарумен айналысатын, канадалық студияның директоры Шелдон Уайзменді алсақ болады. Уайзмен: Әрине, менде де өз-өзіме сенбейтін кездер болып тұрады. Сондай кездерде мен өзімді қолға алып, күмәндардың менің бойымды билеп алуына мүмкіндік бермей, керісінше оларды басып, құтылуға асығамын. Өзіңе сенімсіз болып, бойыңда қорқыныш пен күмән пайда болса, ең жақсы көмектесетін дәрі - ұйқы емес пе? Сондықтан мен жақсылап демалып, тыныққанды жөн көремін. Сосын таңертең қайтадан құлшынып, күнделікті жұмыстарымды атқаруға кірісемін деп жауап берген екен.