Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

“Айтишник” болам деушілерге

IT маман - компьютерлік жүйелер мен алгоритмдерді әзірлеушілері мен сарапшылары, бағдарламашылар, компьютерлік мамандар, электроника инженерлері, байланыс және аспап жасаушы инженерлер, өнеркәсіптік роботтарға техникалық қызмет көрсету және т.б.

Кез-келген жаста бұл саланың маманы болуға болады. IT мамандығы ер балаларға да, қыз балаларға да сәйкес келетін мамандық. Егер сенің математикаға, логикаға икеміңіз бар болса, аналитикалық ойлау қабілетің жоғары болса IT саласын таңдағаның абзал.


Бейіндік пәндер: математика және физика.

Жалақысы: 100.000 - 1.000.000 теңге.


Мамандыққа бөлінген грант, шектік балл, т.б. ақпаратты білгің келсе, МЫНА сілтемеге өт.

Жұмысы жайлы: IT маманы әлемдегі ең керекті және перспективті мамандықтардың бірі. Компьютерлік және мобильдік ойындар, бухгалтерлік бағдарламалар, редакторлар, мессенджерлер және т.б. күнделікті қолданатын бағдарламаларды программмисттер дайындайды. Сайттар, мобильдік қосымшалар дайындайды. Кез келген компанияға осындай қызметтер қажет болғандықтан, жұмыс табу қиын емес. Сондай-ақ фрилансерлік жұмыс атқарсаң болады.


Ең үздік оқу орындары: МУИТ, СДУ, КБТУ, ЕТУ, AITU.

IT маманы болам десең мектеп кезіңнен жазғы демалыстарда компьютер саласы жайлы мәлімет жинап, осы мәліметтерді іс жүзінде қолданып көргенің абзал.

Басқа мамандықтардың орташа жалақысын, бөлінген грант санын және шектік баллдарын білгің келсе, МЫНА сілтемеге өт.