📗 Объясняя мир. Истоки современной науки - Стивен Вайнберг. Ғылымның қалай және қашан пайда болғанын ғылыми тілде емес, қарапайым тілде жеткізе білген Стивен Вайнбергтің аталмыш энциклопедиялық кітабы ғылым жайлы жазылған ең маңызды кітаптардың қатарына кіреді.
📙 Вирусы. Скорее друзья чем враги - Карин Мёллинг. Денсаулыққа пайда әкелетін вирустар жайлы естуің бар ма? Иә, иә, шыныменде, вирустардың да түр-түрі болады екен. Олардың кейбіреулері адам азғасындағы аурулармен күресіп, тіпті көңіл-күйге де әсер ете алатын көрінеді. Сені осы тақырып қызықтырса, кітапты оқып шығуға кеңес береміз.
📓 Байки из грота. 50 историй из жизни древних людей - Станислав Добышевский. Осыдан мың жыл бұрын адамдар қалай өмір сүрген? Бұл сұрақ бәрімізге де қызық, солай ма? Ендеше осы сұрақты өз еңбегінің арқауы етіп, ол туралы қызықты әрі орынды әзілімен баяндаған танымал антрополог Станислав Добрышевскийдің кітабын оқып көрсең болады.
📕 Будущее вещей. Как сказка и фантастика становятся реальностью - Дэвид Груз. Әлем көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқандықтан, алдағы 50 жылда біздің өмірімізде не өзгеретінін дөп басу айту қиын. Бірақ болжам жасап, шамамен тұжырымдауға болады. Адамзатты болашақта қандай ауқымды өзгерістер күтіп тұрғанын Дэвид Груздың кітабынан толығырақ оқи аласың