Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Конспектіні қалай дұрыс жазу керек? 📝

Конспект – бір материалдың қысқаша мазмұны. Оған бір қарау арқылы барлық тақырыпты еске түсіруге болады. Мектепте конспектіні дұрыс жазуды үйренсек, университет қабырғасында одан да мол пайдасын тигізеді.


– Сөмкеңде әрдайым дәптер және түрлі-түсті қалам жүрсін.

– Конспектте материалдың негізгі идеялары ғана жазылады.

– Әр конспект жаңа мерзім және тақырыптан басталу керек.

– Ең маңызды тұстарды ерекшелеу қажет, мысалы, бояу, астын сызу.

– Мұғалім көп сөйлеуі мүмкін. Соның ішінен ең қажеттілерін айыра білу керек.

– Жаңа идеялар жаңа жолдан жазылу керек. Бәрін бір жолға жазып, кейін таппай қаласың.

– Мұғалім тақтаға сурет салса, демек ол маңызды болғаны. Оны өз түсінгеніңмен немесе сөзіңмен жазып кетсең артықтық етпейді.

– Санды санмен жазу керек, әріппен емес.

– Аббревиатура мен қысқарған сөздерді көп қолдан.

– Конспектіде кесте, схема, диаграмма, формула, графика, суреттер де болуға тиіс.

– Жылдам жазуды үйрен.

– Конспект жазуда басты нәрсе – ойдың сергектігі. Назарыңды басқаға аудармай, ылғи шоғырландырып отыру қажет.

– Конспектіні «автопилот» режимінде жазуға болмайды. Ақпарат әртүрлі болады: кейде айтылған ақпаратты дәлме-дәл жазып шығуың қажет, ал кейде өзің қорытып, түсінгеніңді жазу қажет.

Қызық лайфхак: тез жазып үлгермей жатсаң, онда сөздердің дауысты дыбыстарын алып таста. Мысалы, шоколад – шклд.