Конспект – бір материалдың қысқаша мазмұны. Оған бір қарау арқылы барлық тақырыпты еске түсіруге болады. Мектепте конспектіні дұрыс жазуды үйренсек, университет қабырғасында одан да мол пайдасын тигізеді.
– Сөмкеңде әрдайым дәптер және түрлі-түсті қалам жүрсін.
– Конспектте материалдың негізгі идеялары ғана жазылады.
– Әр конспект жаңа мерзім және тақырыптан басталу керек.
– Ең маңызды тұстарды ерекшелеу қажет, мысалы, бояу, астын сызу.
– Мұғалім көп сөйлеуі мүмкін. Соның ішінен ең қажеттілерін айыра білу керек.
– Жаңа идеялар жаңа жолдан жазылу керек. Бәрін бір жолға жазып, кейін таппай қаласың.
– Мұғалім тақтаға сурет салса, демек ол маңызды болғаны. Оны өз түсінгеніңмен немесе сөзіңмен жазып кетсең артықтық етпейді.
– Санды санмен жазу керек, әріппен емес.
– Аббревиатура мен қысқарған сөздерді көп қолдан.
– Конспектіде кесте, схема, диаграмма, формула, графика, суреттер де болуға тиіс.
– Жылдам жазуды үйрен.
– Конспект жазуда басты нәрсе – ойдың сергектігі. Назарыңды басқаға аудармай, ылғи шоғырландырып отыру қажет.
– Конспектіні «автопилот» режимінде жазуға болмайды. Ақпарат әртүрлі болады: кейде айтылған ақпаратты дәлме-дәл жазып шығуың қажет, ал кейде өзің қорытып, түсінгеніңді жазу қажет.
Қызық лайфхак: тез жазып үлгермей жатсаң, онда сөздердің дауысты дыбыстарын алып таста. Мысалы, шоколад – шклд.