Қазақша посттар
Уақыт жетпейді, қалай үлгеремін? .
Пайдалы кеңестер

Уақыт жетпейді, қалай үлгеремін? .

Егер компьютерде бірнеше терезе (вкладки) ашық тұрса, біреуінде фильм, біреуінде музыка, ал біреуінде ойын қосылып тұрса, компьютер дұрыс жұмыс жасамай, тіпті, істемей қалуы да мүмкін. Сол секілді адамның миына да бірнеше жұмысты қатар алып жүру қиынға соғады. Сондықтан біз бүгінгі постымызда саған көп істі қатар алмаяқ, барлық іске уақытты жетікізіп, үлгере алудың жолдарымен бөлісетін боламыз. 


1. Үнемі "барлығына қалай үлгеремін" деп уайымдағаннан шаруаң азаймайды. Одан да қолыңа қағаз бен қалам алып, ертең істеу керек істердің тізімін құрып, жаз. Кешке ұйықтар алдында немесе таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін 10-15 минут уақытыңды бөліп, бірнеше күнге жасау керек істердің тізімін құрып тастасаң да болады. Бастысы, барлық шаруаларыңды қағаз бетіне түсірсең болғаны, сонда миыңда артық ақпарат сақтау қажеттілігі туындамайды.


2. Ең қиын әрі концентрацияны талап ететін істерді түске дейін орындап тастауға тырыс. Себебі көп адамдар түскі уақытқа қарағанда таңертеңгі уақытта өздерін анағұрлым сергек және көңілді сезінетін көрінеді.


3. Жоспарланған істердің барлығын орындауға не кедергі деп ойлайсың? Әрине, телефондағы әлеуметтік желілердің, смс хабарламалардың және де теледидардың дауыстары. Бұл факторлар кез келген істі сапалы әрі эффективті орындауға кедергі келтіретіндіктен, олардан тез арада құтылған жөн.


4. Қолыңа алған істі соңына дейін жеткізуге тырыс. Ал егер оған уақытың жетпесе, онда басқа оңайлау істермен бір уақытта жасап тастауға тырыс.


5. Әр адам - әртүрлі организм. Осы ұстанымды негізге ала отырып, өзіңнің қай уақытта белсенді болатыныңды анықтап алуға тырыс. Мысалы сағат 7:00 де ұйқыдан тұрып, бірден іске кірісе алмағаныңмен, түскі уақыттарда өзіңді сергек сезінетін болсаң, онда барлық шаруаларыңды түсте жасап тастауыңа да болады.