Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Компьютер ойындарының 3 пайдасы 😍

Компьютер ойындарының зиянды жақтары бәрімізге де аян. Ал пайдалы жақтары ше? Олар қандай қабілеттерді дамытуға көмектеседі? Бұл сұрақтардың жауабын білу үшін постты ары қарай оқы.


1. Зерттеушілер депрессияға ұшыраған жасөспірімдердің жағдайын жақсарту мақсатында "SPARX" деп аталатын компьютерлік ойынды ойлап тауып, жасөспірімдерді екі топқа бөледі. Зерттеу нәтижесінде, аталған ойынды ойнаған жасөспірімдердің бір тобы, мүлде ойын ойнамаған және дәстүрлі емдеу жолдарына жүгінген топқа қарағанда, депрессиядан арылып, өзіне деген сенімділігі бірнеше есеге артқаны анықталды.


2. Компьютер ойындары да әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады. Себебі сен онлайн режимде әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын әртүрлі ұлт өкілдерімен араласып, өзіңе жаңа достар мен таныстар табуға мүмкіндік аласың.


3. Бұрын өте танымал болған "Супер Марио" ойыны жайлы естуің бар ма? Зерттеушілер аталмыш ойынға талдау жүргізіп, Марио ойынын жиі ойнаған адамдардың бірте-бірте есте сақтау қабілеттері жақсарып, ми қыртысының кейбір қабаттары дамитынын дәлелдеген.