Қазақша посттар
Мотивация

Дәрігер болғың келсе… 💉

Әлемнің қай еліне барсаң да, дәл осы мамандықтан артық құрметті мамандықты таба алмайсың. Адамды өлім аузынан арашалайтын дәрігерлердің біздің өміріміздегі орындары ерекше. Бүгінгі жазбамыз ақ халатты абзал жан атанғысы келетін талапкерлерге арналады.


Дәрігер болу үшін ең алдымен адамдармен жұмыс жасауға деген құлшыныс зор болу керек. Қандай жағдай орын алса да, психологиялық тұрғыдан мықты болуы артық етпейді.


Үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандыққа әрдайым сұраныс жоғары. Өз ісінің білікті мамандары үшін сәйкесінше жалақы да аз емес.


Білімге көп жылдар арнауға дайын болып қана қоймай, тығыз графикке де үйренген дұрыс


Ең бастысы, өз ісіңді сүйе білу. Сонда ғана сен үшін әрбір күнің демалыс болады.


Медициналық мамандықтар:

  • жалпы медицина
  • стоматология
  • педиатрия
  • мейірбике ісі
  • фармация

Келесіде, қандай мамандық туралы жазайық?