Қазақша посттар
Мотивация

Үлгі аларлық 3 тұлға 😍

1. Space X, Tesla Motors және Твиттер секілді әлемдегі ірі компаниялардың басшысы Илон Маск жетістікке жету жолын бала кезден бастаған. Бар болғаны 12 жасында код жазуды үйреніп, өзі ойлап тапқан ойынды 500 долларға сатып жібереді.

Өзінің жастық шағын көп оқуға және компаниясын құруға қажетті қаржы жинау үшін аянбай еңбек етуге сарп етеді. Илонның еңбекқорлығы, өз ісіне деген зор қызығушылығы оны әлемдегі ең танымал және бай адамдардың біріне айналдырды.


2. Әйгілі америкалық инвестор әрі бизнесмен Уоррен Баффет кішкентай кезінен бизнеске жақын болып өседі. Бала кезінде бірнеше бизнес бастап, біраз тәжірибе жинайды. Сөйтіп жүріп инвестиция әлеміне қызығушылық танытып, ақырында 20 ғасырдың ең атақты инвесторларының қатарына ілігеді. Баффеттің мұндай жетістікке жетуінің басты сыры: өзіне ұнайтын кәсіппен айналысып, өз-өзін дамытудан ешқашан жалықпауы.


3. Қытайлық "Алибаба" компаниясының негізін қалаушы Джек Маны тағдыр қанша рет сынаса да, еш қаймықпай, ақырында өз дегеніне жетеді. Жас кезінде жоғары оқу орнына тапсыратын емтиханнан бірнеше рет сүрініп, ұзақ уақыт бойы жұмысқа орналаса алмауы, бизнестегі сәтсіздіктері Джек Маның стресске төзімділігін арттырып, қиындықтарға қарсы тұруына күш беріп, мықты тұлға болып қалыптасуына зор ықпалын тигізді.