Жеңімпаздың 4 ұстанымы
1. Жетістікке қай жаста болмасын жетуге болады. Рухы мықты, өз-өздеріне сенімді адамдардың көбі осы ұстанымды ұстанады. Олардың ойынша, адамның жас ерекшеліктері оның жетістікке жетуіне ешқандай әсер етпеуі керек. Ең бастысы - алдына қойған мақсаттары мен құлшыныстары болса болғаны.
2. Рухы мықты адамдар өздерін өзгелермен салыстырып, олардан артық немесе кем екендіктері жайлы ойлап, босқа өздеріне деген сенімділіктерін түсірмейді.
3. Адамды жетістікке апаратын да, құрдымға апаратын да - оны қоршаған ортасы. Егер сені өз-өзіне сенімді, табанды және алдына мақсат қоя алатын адамдар қоршайтын болса, онда сен де сондай боласың. Сондықтан кіммен дос болып, кіммен араласып жүргеніңе мұқият болып, ортаңды таңдауға үлкен мән бер.
4. Ойыңды, бойыңды негативті ойлардан таза ұста. Негатив кез келген мотивацияны, құлшынысты басып, сенімділікті төмендетеді. Сол себепті де, рухы мықты адамдар өздерін негативтен барынша аулақ ұстауға тырысады.