2. Көп шаршап, аз ұйықтау - көңіл-күйдің нашарлауының кең таралған себептеріне жатады. Сондықтан күніне 6 сағаттан кем ұйықтамай, мүмкін болса, түскі уақытта 15-20 минуттай көз ілдіруге тырыс. Бұлай жасау сенің өнімділігіңді арттырып, көңіл-күйіңді көтеруге көмектеседі.
3. Үйде отыра бермей, достарыңмен кездесіп, серуендеп қайт. Шығармашылықпен немесе хоббилеріңмен айналысып, ішкі потенциалыңды дамыт. Және де, өз қалауларыңа құлақ асып, өзіңе ұнайтын іспен айналыс.
4. Көңіл-күйіңді өзің көтермесең, басқа ешкім көтермейді. Сол үшін де, өзіңді не қуантатыны жайлы ойланып, тіпті Менің көңіл-күйімді көтеретін 100 нәрсе деген тізім құрып, қойсаң да болады.
Есіңде болсын: өзіңе сенімді болу да, көңіл-күйіңді көтеріп, өз-өзіңді қуанту да, бәрі-бәрі - өз қолыңда. Сондықтан өзіңмен болып жатқан жағдайларға өзгелер емес, тек өзің ғана жауапты екеніңді есте ұстағаның жөн.