Қазақша посттар
Мотивация

Димаш Құдайберген жетістікке қалай жетті?

Қазіргі кезде дауысы әлемге әйгілі Димаш Құдайбергенов бұл деңгейге қалай жетті деп ойлайсыңдар? Сенің ойыңша, жолы болып кетті ме?


Димаштың Қазақ еліне қосқан үлесі зор. Оның арқасында Қазақстанды талантты орындаушылардың отаны ретінде айта бастады.

"SOS d' un terrien en detresse", "Опять метель" әндерін және "Дайдидау" халық әнін әлем жұртшылығы тебіреніп тыңдайды.

"I am a singer-2017" байқауында екінші орынға ие болып, өнерімен одан да қатты таңқалдырды.


Артынша Димаш бүкіл әлем бойынша концерт бере бастады. Оның дауысы Италия, Қытай, Түркия, Австрия, Словения, Македония, Сербия, Франция және Ұлыбританияда жаңғырды.


Бұл біздің қазір көріп білгеніміз. Ал ол бұған қалай жетті? Жайдан жай танымал болып кетті ме?

- Димаш бес жасында музыка мектебіне барып, фортепиано сыныбында оқыған.

- Осы жасында сахнада өнер көрсете бастады. Алты жасында ол алғашқы жетістікке жетеді.

- Вокалдық диапазонын кеңейту үшін көп жұмыс істеді. Оған жүзу және таеквондо сабақтары көмектесті.

16 жастан бастап ұлттық және халықаралық іріктеулерге, конкурстар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындар иеленеді.

- Оны «Астана-опера» Мемлекеттік опера және балет театрында өнер көрсетуге шақырған. Алайда әнші заманауи поп-музыканы таңдауды жөн көрді. Басты аргумент — өзінің вокалды диапазонын сынап эксперимент жасауды қалаған. Көріп тұрғаныңдай, бұл үлкен еңбек пен арманға жету жолындағы жұмыстың нәтижесі.

Оның қолынан келсе, сен де қалауыңа жетесің. Тек талмай еңбек етіп, арманыңа сен!