1. Тестке дайындалып, үй тапсырмасын орындауды ұмытып кетпес үшін оларды блокнотқа жазып, жоспарлауды әдетке айналдыр. Бұл саған уақытыңды тиімді пайдаланып, бос уақытыңды өзіңнің қызығушылықтарыңа жұмсауға мүмкіндік береді.
2. Егер айналаң хаос болып, шашылып жатса, сабақ оқуға зейін қоя алмайсың. Сондықтан сабақ оқымас бұрын жұмыс үстеліңді ретке келтіріп, бөлмеңді тазалап, желдетіп алуға кеңес береміз.
3. Қарның ашып, басың ауырып тұрған кезде сабақ оқу оңай емес. Сол үшін қасыңа жеміс-жидектерді әкеліп, қарның ашқан кезде жүрек жалғап алуға тырыс.
4. Кейбір кезде сабақ оқуға деген құлшынысың төмендеп, ештеңе істемей, жай ғана тикток қарап жатқың келеді, солай ма? Сондай кездерде сен өзіңнің сабақ оқуға деген құлшынысыңды қайтадан оята алуың керексің. Әсіресе, қазір неге сабақ оқып жатқаныңды және болашақта оның саған әкелетін жемісін есіңе түсіріп, өз-өзіңе мотивация берген пайдалы болады.
5. Арнайы study clubтар құрып, достарыңмен, сыныптастарыңмен бірге сабаққа дайындал. Бұл жалғыз өзің оқығаннан гөрі әлдеқайда қызығырақ және пайдалырақ. Топпен дайындалғанда әртүрлі креативті идеялар мен ойлар айтылып, білмеген сабақтарыңды басқалардан сұрап, талқылауға мүмкіндік аласың.