Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Гётенің ойларынан үзінді

Неміс халқының ұлы ақыны, прозаик және драматург – Вольфганг фон Гётенің есімі бәрімізге де таныс. Оның пәлсапа мен даналыққа толы шығармаларын оқығаннан кейін ерекше тұстарын түртіп алмау мүмкін емес.


1. «Миллион оқырманым болады деп армандап, үміттенбейтін адам, бірде-бір сөз жазып бастамасын».

Бұл сөздің мағынасы «Егер өзіңнің жетістікке жететініңе сенбейтін болсаң, онда ешнәрсе бастама». Шынында да, жетістікке жету үшін адамда ең бірінші өзіне деген сенімділік болу керек. ✊🏻 Себебі өз-өзіне сенбейтін және болашағынан үміт күтпейтін адам ешқашанда жетістікке жете алмайды. Оған күмәнданбасаң да болады.


2. «Құр армандап отыра бергеннен пайда жоқ, сол арманыңды орындауға тырысып, әрекет етуің керек».

«Мен осындай жерге барғым келеді, мен осындай тамақты жегім келеді» деп құр сөзбен айтып, армандап отыра бермей, 🙅🏻‍♂️ арманыңды жүзеге асыруды ойла. Өмірде мүмкін емес ешнәрсе жоқ, талпынсаң бәрі де мүмкін. Ең бастысы, өзіңе сен, сол кезде өмірді қалай сүру керектігін бірден ұғатын боласың.