Қазақша посттар
2022-04-13 16:08

Нольдік күндерден арылыңыз!

Нольдік күн деген фраза - сізге біртүрлі болып естілуі мүмкін. Бірақ бірінші оның не екенін анықтап алайық.





Нольдік күн - дегеніміз күнделікті прогресіңізді арттыру үшін ешнәрсе істемеу, былайша айтқанда сабақ, тіл үйрену, кітап оқу деген сияқты істердің өз жайына қалатын күні.



Барлық адамда ондай күндер болады. Жалқаулыққа беріліп, ештеңеге зауқыңыз соқпай, 24 сағатты бостан-босқа өткізесіз. Алайда сіз бұндай күндерден де құтыла аласыз. Тек 0,01%-ға тырысудың өзі сізге нольдік күннен құтылуға көмектеседі.





Ол қалай?





Мысалы егер сізге кітап оқу қажет болса, онда бір минутыңызды қиып, кітаптан бір сөйлем болса да оқыңыз. Тіл үйреніп жүрсіз бе? Жаңа бір сөз болса да жаттап алыңыз.





Жай ғана бір минутыңызды осы істерге арнаңыз, бұл көп уақытыңызды ала қоймайды.



Бұлай жасаудың ерекшелігі - сіз кітаптың бір сөйлемін емес, он бетін қалай оқып тастағаныңызды байқамай қаласыз.





Ал егер тек бір сөйлем ғана оқып, одан ары қарай оқығыңыз келмесе, психологиялық түрде өзіңізді құр босқа отырмай, бір сөйлем болса да оқыдым ғой деп өзіңізге риза боласыз.





Сіздің әрбір жасап жатқан кішкентай іс-әрекетіңіз сізде нольдік күннің жоқтығын білдіреді. Ал қалған күндері 100%-ға тырысып жасаған іс-әрекеттеріңіз - жылдар өте келе сізге өз жемісін беретін болады.