Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Тез ұйықтап кетуге 9 кеңес

Қазіргі заманның проблемасы – сапалы ұйқының азаюы. Оны ұрлайтын технология, гаджеттер көп. Тіпті қазір тез ұйықтап кетудің өзі қиын. Бүгін біз тез ұйықтап кетудің тәсілдерін айтамыз.


1. Душ қабылда. Немесе аяқты жылы суға малы. Содан тынышталып, тез ұйықтайсың.

2. Бөлме температурасын салқындат. Ыстықта пысынап ұйықтай алмайсың.

3. Жылы сүт не шөп шай іш .Кофе мен шай болмайды!

4.  Телефонды өшір! Егер телефонсыз ұйықтай алмайтын болсаң, онда экранның көк түсін өзгерт. Көк экран ұйқы гормонын қашырады.

5.  Денеңді қатайтып, сосын жұмсарт .Терең демалып, қол-аяқты қысып, қатайып қал. Сосын демді шығарып, денені жаймен босат.

6. Бітпеген істердің тізімін жаса. Бітпеген істер ойдан шықпай, ұйқы бермейді.

7.  Мұздай суға  бетіңді 30 секундқа батырып ал.

8. «4-7-8» ережесін қолдан.

4 с бойы демді мұрынмен ішке ал. 7 с іште ұстап тұр. Сосын 8 с бойы ауыздан демді шығар. Жаттығуды жатып істеу керек.

9. Ерегісіп ұйықтамауға тырыс. 

Көзіңді бақырайтып ашып жат. Сәлден соң қашып кеткен ұйқы өзі келеді.

Осыларды істе. Егер ешқайсысы көмектеспесе, онда түсте ұйықтап алған болуың мүмкін. Қызық емес кітап оқы. Нақты көмектеседі.