Томас Эдисонның табандылығы арқасында лампаның жарығын пайдаланамыз.
Элиас Хоу қанша ізденсе де, тігін машинасының инесін ойлап таба алмайды. Бір күні түсінде жабайы тайпалардың бірі оны тұтқынға алады. Қара терге түсіп, арпалысып жатқанда әлгілердің қолындағы найзаның ұшынан бір көз тәрізді тесікті байқап қалады. Ояна салысымен бір ұшы тесік кішкене найза жасап, тігін машинасының инесін ойлап табады.
Нильс Бор түсінде Күнді, оған жіппен байланған күйде айналып жүрген ғаламшарларды көреді. Оянған кезде сол көргені мен атом формуласының арасында ұқсастық бар екенін табады.
Химик Кекуле түсінде атомдарды және жылан сияқты бір бейненің өз құйрығын аузына салғанын көреді. Осылайша ол химиядағы БЕНЗОЛДЫҢ алтыбұрышты формуласын ойлап табады.
Бұл тұлғалар алған бетінен таймаған, қолынан келгенше бәрін жасаған адамдар. АЛҒАН БЕТІҢІЗДЕН ТАЙМАҢЫЗ!