«Step Out of Your Story: Writing Exercises to Reframe and Transfrom Your Life» атты кітаптың авторы Ким Шнайдерман айтады: өзіңді жақсырақ танып, өмірден не қалайтыныңды табу үшін өміріңнің тарихын жаз.
Ендеше қолыңа блокнот пен қалам ал да, өзіңді тануды баста! ✊🏻
Өміріңнің тарихын бірінші жақтан емес, үшінші жақтан жаз. Яғни, «мен» деген сөздің орнына «ол» сөзін қолдан. Сондай-ақ, өз атыңның орнына басқа ат қолданып жазуыңа да болады.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде өз өмірі жайлы үшінші жақтың көзқарасымен жазу – адамға өз эмоцияларын, сезімдерін, ойларын түсінуге және стрессті түсіруге көмектесетіні анықталды.
Оқиғаңды басты кейіпкерді, яғни өзіңді таныстырудан баста. Басты кейіпкердің өткені жайлы 5-7 сөйлем жазып, оған қысқаша сипаттама беріп өт.
P.S: Үшінші жақтан жазып жатқаныңды ұмытпа.
Әрбір бөлімді бастаған сайын жаңа кейіпкерден қосып отыр. Кейіпкер – сенің жауың, досың немесе қорқыныш, уайым секілді ішкі сезімдерің болуы да мүмкін.
Өз өмірің жайлы жазып жатқандықтан, әр бөлімді құлшыныспен және барынша креативті етіп жазуға ұмтыл. Сонымен қатар метафора, эпилог секілді көркемдеуіш құралдарды қолдануды да ұмытпа. Үшінші жақтың көзқарасымен жазу арқылы көптен бері мазалап жүрген сұрақтарыңа жауап алып, өзіңді басқа қырыңнан тани аласың.
Ал курсқа қатысып жүрген оқушылар, осы курсқа жазылғаннан қазіргі сәтке дейін жеткен жетістіктеріңді қалай мазмұндап берер едіңдер? 😍