«Серпін» бағдарламасы деген не?
«Серпін» жобасы – жұмыс күші артық өңірлерден шыққан ауыл жастарына жоғары білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге жұмысқа орналастыруға бағытталған жоба.
🔸️ Бұл жоба кімдерге арналған?
Жұмыс күші артық өңірлердің: Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының ауыл жастарына, ауылдық елді мекендердегі мектептердің түлектеріне арналған.
🔹️ «Серпін» жобасы бойынша қандай өңірлердің жоғары оқу орындары ұсынылады?
Жоба бойынша қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған мына өңірлердегі жоғары оқу орындары ұсынылады:
1. Солтүстік Қазақстан облысы;
2. Қостанай облысы;
3. Павлодар облысы;
4. Шығыс Қазақстан облысы;
5. Қарағанды облысы;
6. Ақмола облысы.
🔸️ 2021-2022 оқу жылына «Серпін» жобасы бойынша қанша білім гранты бөлінген?
5156 грант бөлінді ✅
🔹️ «Серпін» жобасы арқылы оқуға қалай өтініш береді?
Жалпы грант конкурсына құжат тапсырғанда 4 таңдаудың бір немесе бірнеше таңдауын серпінмен тапсыра аласың.