Қазақша посттар
2022-08-04 18:11 Пайдалы кеңестер

Бақытты болу рецептісі

1922 жылы Альберт Эйнштейн Токио қаласына іс-сапармен барғанда былай жазыпты: "Үнемі асығыста, бәсекеде және жетістікке ұмтылумен өткен өмірге қарағанда, тыныш, қарапайым өмір әлдеқайда көп қуаныш сыйлайды".


Ол кезде ғалым бұл рецептті қарапайым хат тасушыға алғыс ретінде табыстапты. Содан 95 жыл өткеннен кейін әлгі жазба аукционда 1,56 млн долларға сатылған екен.

Сол сапарда жүргенде өзіне келіп тұрған курьерді бос қайтарғысы келмей, оғанда мынадай мәтіні бар хат жазып береді.


"Ерік күші бар жерде тығырықтан шығатын жол да бар". Бұл қағаз 240 000 долларға сатылып кетеді.

Ұлы адамдардың өмірінде осындай қызықты оқиғалар кездесіп отырған екен. Ал сен қандай ұлы тұлғалардың басынан өткен қызықты жайттарды білесің?