Қазақша посттар

Минусты плюске айналдыру оқиғасы

Фрэнк Вулворт деген ұялшақ жігіт болған. Тұйық, ешкіммен көп араласпайды, сөйлеспейді. Тура мағынасында сөйлесуден қашатын адам, яғни интроверт. Сол жігіт дүкенде жұмыс істеген екен. Сатып алушылар ананың бағасы қанша, мынау неше теңге тұрады? деп сұрай берген ғой. Ол кезде қазіргідей тауар бағасы жазылып тұрмайды. Сонааау 1890 жылдар. Ал Фрэнк болса, ондай сұрақтарға жауап беруден тартынатын. Сосын не істеді дейсіз ғой?





Бір күні ерте келіп, барлық тауарға бағаларын, жеңілдіктерін жазып тастады. Кейбір ұсақ, ақырын өтетін тауарларға бәрі бес центтен деп жазып, төбесіне баттитып жазып қойды. Кейбір тауарлардың құрамында не бар екенін, салмағын қосып жазды. Былайша айтқанда, менен ештеңе сұрамаңдар деген түрі.





Содан сол күні бірнеше сағаттың ішінде тауап таусылып қалып, бір аптаның пайдасын тапқан екен. Сөйтіп өмірге супермаркет деген сауда түрі келеді.





Ал, сіздің қандай кемшілік деп санайтын әлсіз тұстарыңыз бар? Мүмкін олардың артында үлкен қабілет жасырулы шығар? Комментарийде жазып кетіңіздер!