Білім және Ғылым министрлігінен бөлінетін гранттардың бір бөлігі тек қана ауыл жастарының арасында ойнатылады.
Ең бірінші ЖАЛПЫ КОНКУРС болады. Бұл конкурсқа қала болсын, ауыл болсын барлық оқушылар қатысады.
Екінші АУЫЛ КВОТАСЫ бар оқушылар арасында конкурс болады. Бұл конкурсқа ЖАЛПЫ КОНКУРСТАН грант ұта алмай қалған ауыл жастары қатысады.
Жыл сайын барлық бөлінетін гранттардың 30% осы ауыл квотасына бөлінетін еді.
Осы жылдан бастап АУЫЛ КВОТАСЫНА бүкіл гранттың 35%-ын бөледі .
Мысалы: Математика мұғалімдерін даярлау мамандығына 1000 грант бөлінсе, соның 650-і ЖАЛПЫ КОНКУРСТА, 350-і АУЫЛ КВОТАСЫ бар оқушылар арасында ойнатылады .
⚠️ЕСКЕРТУ:
* Бұл процесс автоматты түрде орын алады. Ауыл квотасына қатысу үшін арнайы өтініш берудің қажеті жоқ. Егер сен ауылдық мектепте оқитын болсаң, компьютер сені автоматты түрде анықтап, автоматты түрде конкурсқа қатысасың.
**Егер ауыл квотасы арқылы грант ұтып алсаң, оқуды тәмамдаған соң 3 жыл бойы ауылда өз мамандығың бойынша қызмет етесің . Жасамаған жағдайда оқу үшін ақыны мемлекетке қайтарып бересің.