Гастроэнтерологтың алдына барғандар фастфуд жемейтін боп шығады. Бронхымен ауырғандар темекісін тастайды. Бірақ денсаулыққа бұл жеткіліксіз. Бізге сапасыз ұйқы, ұдайы стрессте жүру, көп қозғалмау, өлі тағам, дұрыс демалмау қатты зиян тигізеді.
Сіздерге сау өмірдің кейбір тізімін ұсынамыз:
1) Суды көп ішіңіз. 1,6-2 л норма.
2) Таңғы асты тастамаңыз. Сүзбе, жұмыртқа, ботқа ең құнарлы тағам.
3) Тәтті, фастфудты тастаңыз. Астың жартысы көкөніс, жартысы ақуыз бен крахмал болғаны дұрыс.
4) Тамақты уақытында жеу. Ұйқы алдында 2 сағат бұрын жемеу қажет. Тойып жегеннен гөрі аз-аздан күніне бірнеше рет жеу дұрысырақ.
5) Төсек орын жайлы, желдетілген, қараңғы болу керек.
6) Ұйқының мөлшері 7-8 сағат болу керек.
7) Егер стресстен қаша алмайтын болсаңыз, оны басқаруды үйреніңіз.
8) Физикалық жұмыстан кейін ой еңбегіне ауысыңыз. Сосын керісінше.
9) Жоғарыда айтқандай, 200 тг штанг көтерудің қажеті жоқ. Таза ауада серуендеңіз. Үйге баспалдақпен шығыңыз. Жүгіріңіз.
10) Салмағыңыз тым аз не көп болса, оны реттеңіз.
11) Дәрігерге тексеріліп тұрыңыз. Оның ішінде тіс, көз, құлақ маңызды.