Қазақша посттар
Мотивация

Бүгінгі күнге 7 ереже

Бүгінгі күн сен үшін несімен маңызды:


1. Бүгін жаңа бастама бастайтын күн. «Осы жұмысқа тұрып көрсем қалай болар екен? Әлде жеке кәсіп ашайын ба?» деген ойлар көкейіңде жүрген болар. Ендеше неге соны бүгін қолға алмасқа?


2. Бүгін арманыңа қадам жасайтын күн. Ол қалай десең, ірі мақсатқа жетелейтін жол кішкентай қадамдардан тұрады. Бір кезеңнен өтіп, екіншісіне жетіп, солай-солай үлкен шыңды бағындырасың.


3. Бүгін өз-өзіңе сенетін күн. Өзіне сенімді адам кез келген қамалды ала алады. Оның үстіне, сенімділік болса айналаңдағы адамдар да саған магнит секілді тартыла бастайды.


4. Бүгін өмірден ләззат алатын күн. Қиыншылықтар әрдайым болады, оларды өмірдің бір бөлігі деп қабылда. Сондай-ақ олар – уақытша. Сол себептен не болса да, артынша бәрі өз қалпына келеді.


5. Бүгін қорқыныштарыңды жеңетін күн. Бәлкім сен өз ойыңды айтуға қорқатын шығарсың, болмаса сезіміңді білдіреуге, не көп адамның алдында презентация қорғауға қорқатын шығарсың. Өз қорқынышыңды мойындап, оған төтеп бер.


6. Бүгін жай ғана бақытты болатын күн. Күнделікті күйбең тіршіліктің артынан қуалап, өз бақытымызды жоғалтып аламыз. Бақыт адамның ішінде болады, сондықтан бақытсыз адам барлық мақсатына жетсе де бақытсыз болып қалады.


7. Бүгін қайырымды іс жасайтын күн. Өмір алма-кезек, басқаға жасаған жақсылығың өзіңе еселеп келеді, сондықтан көмекке мұқтаж адам көрсең, аянып қалма.

Осыны күнде оқы.