Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Мықты тұлғалардың 5 ортақ қасиеті

Әрбір істі ынталанып атқару

Қолына алған істі ынталанып, жауапкершілікті сезіне отырып кірісу - мықты тұлғалардың бірінші ортақ қасиеті. Өзгелердің құрметіне бөленіп, өмірде үлкен белестерді бағындырады.


Мықты жақтарыңа көп көңіл бөлу

Парето заңына сәйкес, егер сен өзіңнің мықты жақтарыңды біліп, соларды дамытуға күш салсаң, міндетті түрде жетістікке жетесің. Мықты тұлғалар осыны түсініп, өздерінің артықшылықтары мен жақсы жақтарына көбірек мән беріп, потенциалдарын ашуға тырысады.


Қорқыныштарыңды жеңу

Мықты тұлға ретінде қалыптасу үшін қорқыныштарыңды жеңе білуің керек. Ол үшін қорқыныштарыңның тізімін құрып, оларды қандай жолмен жеңе алатының жайлы ойлан.


Әр күніңе жоспар құру

Әрбір күніңді тыңғылықты жоспарлап отыру өнімділікті арттырып, миды қажетсіз ақпараттарға толып кетуден қорғайды. Сондықтан күнде кешке қарай ертеңгі күніңе жоспар құрып отыруды ұмытпа.


Әрдайым ізденіс үстінде болу

Неге көбі жетістікке жете бермейді? Себебі олар үйреншікті іспен ғана айналысып, өмірлерін өзгертудің басқа жолдарын қарастырмайды. Ал мықты тұлғалар ешқашан бір орында тұрмайды, олар үнемі өз-өздерін дамытып, жаңа мүмкіндіктерді байқап көруге ұмтылады.