Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Джош Вайцкин: Қателік жасаудан қорықпа!

Джош Вайцкин 9 жасында АҚШ-тың шахмат чемпионатында 8 рет жеңіске жетеді. Ал 17 жасқа толғанда ол туралы "В поисках Бобби Фишера" атты фильм түсіріліп, фильм "Оскар" марапатына номинацияланады. Джош әрдайым жан-жақты болып, тайцзицюань және джиу-джитсу секілді жекпе-жек өнерлерімен айналысып, әртүрлі чемпионаттардан 13 рет жүлделі орындарға ие болады. Алайда Джош өзін жекпе-жек өнеріне қарағанда оқу өнерін жетік үйрендім деп санайды. Мынау Джоштың "Искусство учиться" деген кітабынан алынған, өмірде қолданатын бірнеше ұстанымдары:


1. Жалқаулыққа берілмей, аянбай еңбек ететін болсаң, кез келген істі игеріп кете аласың. Ең бастысы, "бұл менің қолымнан келмейді, бұл тек талантты адамдардың қолынан ғана келеді"- деп айтпау керек және саған солай айтып, артқа тартатын адамдарды да тыңдамау қажет.


2. Жетістікке жетуді қалайсың ба, қателік жасаудан қорықпа. Бір істі толықтай игеріп, кәсіби маман болсаң да, бұл сенің енді ешқашан қателік жасамайтыныңды білдірмейді. Атақты баскетболист Майкл Джорданды есіңе түсірші, ол баскетбол тарихында соңғы минуттарда допты сақинаға салудан ең көп қателік жіберген баскетболшы ретінде белгілі. Сондай-ақ, керісінше, соңғы минутта допты қарсыласының сақинасына ең көп дәл салған баскетболшы ретінде де тарихта қалды. Майклдың баскетбол жұлдызына айналуының себебі: оның мінсіз болғандығынан емес, керісінше, қателік жасаудан қорықпауының нәтижесінде ол осындай жетістікке қол жеткізді.


3. Кішкентай кезімізде біз ештеңеден қорықпаймыз, тек қана алға қарай ұмтылып, өмірге оптимистік көзқараспен қараймыз. Бірақ өсе келе жан-жағымыздағы қауіптерден сескеніп, сол оптимистік қалпымыздан айырылып қалып жатамыз. Кішкентай кезіміздегі армандарымызды үлкейген сайын ұмыта бастайтынымыз да содан. Сондықтан мақсаттарыңды орындап, жетістікке қол жеткізу үшін өзіңді қазірден бастап, оптимист болуға бейімдегенің жөн.