Қазақша посттар
2022-04-04 11:04

Мамандық таңдау және грант

Төрт таңдау

Грант университет немесе қалаға емес, мамандықтар тобына бөлінеді. Сондықтан құжат тапсырғанда бір мамандықты төрт оқу орнынан белгілеудің түк қажеті жоқ. Тек біріншісіне атаулы грант таңдасаңыз ғана сол мамандықты кейінгі таңдауыңызда қайталауға болады. Ең дұрысы мамандармен ақылдасып шешім қабылдау.



Құжат қабылдаған университет өзін таңдауды, өзінде бар мамандықты таңдауды ұсынуы, тіпті кейбірі бізді таңдамасаң, құжатыңды алмаймыз деуі мүмкін. Бұл заңсыз! Өзіңізге ең жақын университетке барып, грант конкурсына кез-келген университетті, қалаған мамандықты таңдай аласыз.



Биылғы ҰБТ-ның нәтижесі бойынша орташа балл төмендеді, бірақ аса қатты емес.



Грант санына қарап мүкіндік жоғары деп ойлау да қате. Бұл жерде мәселе грант санында емес. Бастысы сол мамандықты қанша адам таңдағаны. Гранты көп мамандықты көп адам таңдауы да мүмкін.



Биыл грант конкурсы орыс тобы, қазақ тобы деп бөлінбейді. Бұл да қазақ топтары үшін көптеген мамандықтың грант балының төмендеуіне әсер етеді. Енді орыс тобы мен қазақ тобында айырмашылық болмайды. Сондықтан, орыс тобы төмен болады деп орыс тобына талпынбаңыз. Енді бәрі бірдей.



Ауыл квотасына балл қосылмайды. Тек кокнкурс бөлек болады. Ауыл квотасы барлық мамандыққа берілмейді. Мысалы Халықаралық қатынастарда ауыл квотасы болмайды. Себебі ол жеңілдік бойынша түскендер кейін үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндетті. Халықаралық қатынастарды бітіріп, ауылда істеу мүмкін емес. Ядролық физика мамандығында да солай.



Квотамен грант алғандар оның жауапкершілігін білуі тиіс. Оқу орнына барған соң квота бойынша оқығандармен келісім-шарт жасалады. Яғни қайтарым ретінде үш жыл ауылда істеу міндеттеледі. Осыған дайын болсаңыз ғана грантты алыңыз. Олай болмаған жағдайда мемлекеттің тегін оқытқан қаражатын қайтару керек болады.