ҰБТ біткен соң иықтан жүк түскендей сезімде боласыз. Ары қарай істейтін ештеңе қалмағандай. Бәрі ҰБТ-ға дейінгіні ойлап, ары қарай не болатынын ойламаған. Ендеше мына істерді жасап көріңіз.
Жақсылап демалыңыз.
Өзіңізбен отырып, сырласыңыз. Өзіңізге жақсы қарадыңыз ба осы соңғы айларда?
Ары қарайғы өмірге жоспар құрыңыз. Мысалы, JOO.KZ мамандарынан жеке кеңес алып, грантқа түсу әрекетін жасау; университетке түскен соң не қажет, соның заттарын алу. Әзірге індетке байланысты қашықтықтан оқитын болсаңыз, онда жақсы камера мен ноутбук керек.
Кітап оқыңыз. Бірден мотивациялық не психологиялық кітап емес, жай ғана демалдыратын әдеби кітап жетіп жатыр. Менің атым Қожа , Балалық шаққа саяхат , Ай мен Айша , Қылау , Жусан иісі сияқты кітаптар сізді еріксіз күлдіріп бірде жылатып, қолда бардың қадірін сездіреді.
Достармен жолығып, әңгімелесіңіз. Шынайы күліп, көңілді отырып, қалжыңдап, балалық шақтың соңғы кезеңдерін рахаттанып өткізіңіз.
Көлге, тауға, далаға, орманға отбасымен қыдырыңыз. Табиғат аясында болу адамды қандай жақсы тебірентеді!
Артыңыздан ерген іні-қарындастарыңызға өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз. ҰБТ-ға қалай дайындалу керек, сіз қандай қателік жібердіңіз, нені ерте бастан бастау керек, не маңызды, не қажетсіз солардың бәрі оларға қызық болады.