Қазақша посттар
2022-08-03 11:57 Пайдалы кеңестер

Аударма ісі мамандығы

«Бір тіл білсең, бір адамсың; екі тіл білсең, екі адамсың» деген тәмсіл бар. Сол адам болғың келсе, онда сенің іздегенің – осы мамандық. Таңдау пәні: шет тілі, Дүниежүзі тарихы.

Мамандыққа бөлінген грант саны: 305

Шектік балл: 115


Жұмысы жайлы:

Аудармашы жұмысты офиста отырып немесе қашықтықтан жасай алады. Іс қағаздарын сауатты түрде аударып, шетелдік бизнес өкілдерінің қасында аудармашы бола алады. Сондай-ақ филологқа оқу арқылы да аудармашы бола алады. Аудармашылар редактор, хатшы-көмекші, тіл білімі, білім беру саласында маман боп жұмыс істеуге де мүмкіндігі бар.


Басты қасиеті:

- Бірнеше тілді жоғары деңгейде білу;

- Грамматика, орфография және пунктуациядан сауатты болу;

- Анық дикция;

- Іскерлік кездесулерде өзін еркін ұстай алу;

- Емін-еркін байланыс орната алу.


Айлығы: 150 000 – 500 000 тг

Тілді қаншалықты меңгере алғаныңа және оны біреуге үйрете алуыңа байланысты. Оған қоса, портфолиоң мықты болуы керек. Үлкен компаниялармен жақсы жұмыс істегенің көрініп тұрса, нарықтағы басқа да мықты компанияларға есік ашылады.


Ерекшелігі:

Аудармашы немесе бірнеше тілдің маманына сұраныс орташадан жоғары. Өзі жеке курс ашып, ешкімге тәуелді болмай, ақша таба алады. Шетелге өзі қыдырып, емін-еркін сөйлеседі. Оған қоса, шетелге немесе Қазақстанға тур ұйымдастырып, қонақтарға түсінікті тілмен ақпарат беріп отырады.

Мамандық туралы толығырақ білу үшін МЫНА сілтемеге өт.