1. Өзіңе жиі-жиі комплимент айтып үйрен. Одан жаман болмайсың, керісінше, өзіңе деген сенімділігің нығайып, кемшіліктеріңе көп мән бермейтін боласың😊
2. "Өй, бұл менің қолымнан келмейді", "Мен үнемі қателесе беремін" деп айтып, өз жолыңды өзің кешпе. Қателік жасамау - мүмкін емес. Тіпті, әлемге әйгілі, атақты адамдардың өздері сан рет сүрініп, сан рет құлаған. Сол сәтсіздіктері мен қателіктерінің арқасында ғана олар жетістікке жетіп, бүгінгі таңда соның жемісін көріп отыр🙌🏻
3. Имиджіңді, киіну стиліңді өзгертіп, өзіңе күтім жаса. Сондай-ақ жаңа адамдармен танысып, ортаңды өзгерт. Бұл саған өміріңді басқа арнаға бұрып, өзіңе деген сенімділігіңді көтеруге көмектеседі💪
4. Егер ішкі жан дүниеңде тыныштық болмаса, сен ешқашан өзіңе сенімді бола алмайсың. Ал өзіңе сенімді бола алмасаң, бақытты да бола алмайсың. Сондықтан, ең алдымен, өз ішкі жан дүниеңмен гармонияда болуға ұмтыл🤙🏻
5. Бостан босқа көңіл-күйіңді түсіріп, негативке батып отырудан еш пайда жоқ. Оның орнына жақсы көретін ісіңмен айналысып, соның қызығына кіріп кет. Сол кезде сенің уайымдап, басыңды негативпен толтыруға ешқандай бос уақытың қалмайтын да болады😎