Қазақша посттар
Мотивация

ҰБТ баллыма риза емеспін

ҰБТ-дан бәрі өзі қалағандай жоғары балл жинамайды. Біреудің дайындығы нашар, енді біреуге бейтаныс сұрақтар келді. Сонда төмен балл жинаған оқушының көңіл-күйі түседі. Осы кезде бір оқушы мұңаяды, өзіне ренжиді. Негізі мұңаю – дұрыс нәрсе. Күткен нәрсең болмаса, соған реакцияды көрсетіп, мұңаясың. Бірақ мұңаю – уақытша нәрсе. 1-2 сағаттан соң өтеді де кетеді. «Жарайды, бұл жолы бұйырмай тұр екен. Келесі жолы бұдан да жақсы дайындықпен келемін» деп, бәрін ұмытып кетесің.


Дұрыс емес нәрсе – күйзелу. Яғни, ҰБТ-дан төмен балл жинағаныңа 3-4 апта бойы күйзеліп жүресің. Есіңе түскен сайын өзіңді іштей жейсің. Мұндайда ас батпайды, көңіл-күйің қара бұлтты аспан сияқты бір ашылмайды. Күшің тез сарқылады. Ешкімді жақтырмайсың, өзің де ешкімге жақпайсың. Осылай күйзеле берсең ҰБТ баллың көтерілетін сияқты боп жүресің. Соңында барлық зиянды шегетін өзің боласың.

Сондықтан сезімдеріңді бақылауда ұста. Мұңаятын жерде мұңай, бірақ күйзелуге кетіп қалма. ҰБТ күйзелуге лайықты нәрсе емес. Қаңтардағы ҰБТ-дан кейін маусымдағы ҰБТ бар. Мүмкіндік қайта-қайта беріледі.